
Қайырымдылық қызмет
Әрбір компания өз саласында көшбасшы болуға ұмтылады, ал кез келген көшбасшылық қоғамға қызмет етумен етене байланысты. Өйткені, компанияның беделі табысты бизнес-жобалар ғана емес, сонымен қатар мұқтаж адамдарға мүдделерін қорғауға бағытталған әлеуметтік жобалар болып табылады. Қайырымдылық – кез келген бизнестің ең жоғары сатысының бірі.
Мақсат
Біріншіден, біз үшін қызметкерлердің ынтасы. Екіншіден, бұл нарықтың дамуы. Үшіншіден, осындай бастамалардың компания беделіне әсерін ететінін жоққа шығаруға болмайды. Біз қайырымдылық бастамалармызды кеңінен жариялау мақсатын көздемейміз, дегенмен біздің өнімдер мен қызметтерді қолданатын көптеген тұтынушылар үшін әлеуметтік жауапкершіліктің- маңызды құндылықтар болып табылатынын жете түсінеміз.
Ынта (мотивация)
Қайырымдылық жобалары біздің қызметкерлеріміздің жүрегіне жақын және осылайша біз қосымша ынталандырамыз. Біз әлеуметтік әділеттіліктің, қоршаған ортаны қорғаудың, сондай-ақ шынайы демократиялық үдерістердің негізін қалайтын азаматтық қоғам құрылымның дамуына үлес қосуға тырысамыз. Біз қайырымдылық ұйымдармен тығыз серіктестікті қалыптастыру бизнестің жауапкершілігін арттырады деп есептейміз.
Бұл бізге не береді?
Еріктілер корпоративтік бағдарламаларға қатысуға, соның ішінде қызметкерлерге әлеуметтік әлеуетін жүзеге асыруға, таза кәсіби қызмет шеңберінен шығып ,жаңа дағдыларғ аие болуға және жаңа достарды тауып, беделін көтеруге, мүдделес топтармен жақсы істерді атқаруға көмектесетін қайырымдылық бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік береді.
Бұл қызметкерлердің адалдығының жоғарлауына және ұжымның бірігуіне әкеледі.